Қазақстан Иорданияға қой мен сиыр етін жеткізетін болды

1226

Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан Иорданияға қой мен сиыр етін жеткізетін болды Фото: canva

Ет экспортымен отандық 6 кәсіпорын айналысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлікке қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері мен Иордания Хашимит Корольдігінің ветеринариялық қызметі делегациясы кездескен.

Кездесу барысында қазақстандық сиыр еті мен қой етін және тірі малды Иордания нарығына экспорттау мәселелері талқылады. Қазақстан тарапы ірі-қара мен ұсақ малға қалай ветеринариялық бақылау жүргізілетіні жөнінде, қадағалау және сертификаттау рәсімдері туралы, сондай-ақ отандық өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биологиялық қауіпсіздік шаралары қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп, тиісті құжаттарды ұсынды.

Нәтижесінде екі ел өкілдері сиыр еті мен қой еті бойынша мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін 6 қазақстандық кәсіпорынды Иорданияның ресми тізіліміне енгізу туралы келісімге келді.

Иорданияға ет жөнелтетін кәсіпорындар:

  • Батыс Қазақстан облысынан – "Батыс-НЫК" ЖШС, "Батыс Марка Ламб" ЖШС;
  • Түркістан облысынан – "Қайып ата" ЖШС, "Түркістан ет комбинаты" ЖШС;
  • Алматы қаласынан – "Almaty Royal Food" ЖШС;
  • Абай облысынан – "Abaya meat processing factory" ЖШС.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу