Қазақстан Иранға бағыттап отырған арпа экспортынан айырылуы мүмкін

531

Бүгінде Иран Ресей Федерациясымен арпаны сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер олар оң нәтижеге қол жеткізсе, онда Қазақстанның арпа нарығына әсер етеді. Бұл туралы "Қазақстанның астық одағының" төрағасы Нұрлан Оспанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан Иранға бағыттап отырған арпа экспортынан айырылуы мүмкін

"Иран – отандық арпаны негізгі сатып алушы ел, бірақ бұл мемлекет санкцияға ұшыраған. Сол себепті де төлемдерде бірқатар мәселе туындап отыр. Қазақстандық экспорттаушы айналымды 60 күнге дейін тоқтатады. Ресей Федерациясымен олар келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер олар келісім жасайтын болса, бұл біздің Иран бағытындағы арпа экспортына қатты әсер етеді. Иранға кететін арпа экспорты шектеулі болған жағдайда, оның ішкі нарықтағы бағаларға да әсері бар", – деп атап өтті спикер. 

Айта кетейік, Қазақстаннан экспортталатын арпаның шамамен алғанда 86-90%-ын Иран сатып алады. Соңғы кезде Өзбекстан тарапы да қызығушылық таныта бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу