Қазақстан Ирландияның авиациялық билік орындарымен келісімге қол қойды

713

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ирландияның авиациялық биліктерімен сол елде тіркелген және құрғақ лизинг шарттары бойынша қазақстандық әуе компаниялары пайдаланатын әуе кемелерін бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді беру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.  

 Қазақстан Ирландияның авиациялық билік орындарымен келісімге қол қойды

Қол қою рәсіміне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ирландия авиациялық басқармасының директоры Диармуд о ' Конгэйл, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, ААК Бас директоры Питер Гриффитс қатысты.

Бүгінгі таңда "Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушысы Арубада тіркелген өз ұшақтарын пайдаланады. Оларды лицензиялау, ұшу жарамдылығы және ұшу құрамын сертификаттау негізінен осы елде жүзеге асырылады. Мұндай шешім әуе компаниясының Еуропаға маңызды рейстермен ұшуы үшін "қара тізім" кезеңінде қажет болды. Министрлік 2024 жылы Қазақстанның тізілімінде заманауи әуе кемелерін тіркеуге мүмкіндік беру бағытында жұмыс істеп жатыр.

Осы мақсатта алдымен әуе флотын екі кезеңді процесс аясында Ирландия тізіліміне ауыстыруды бастау керек. Ол шамамен екі жылға созылады. Шара EASA (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік) нормативтік стандарттарына сәйкестігі үшін қажет жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Қол қойылған келісім шарттары бойынша "Эйр Астана" компаниялар тобының барлық әуе кемелері бір жыл ішінде Ирландия тізіліміне ауыстырылады.

Тараптар қазақстандық әуе компаниялары пайдаланатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша тығыз ынтымақтаса жұмыс істейді. Келісім шарттарында, сондай-ақ, халықаралық авиациялық ұйымдар жүргізетін аудиттен өтуге көмек беру көзделген.

Қол жеткізілген уағдаластықтар әлемдік авиациялық қоғамдастыққа Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша жұмыста қол жеткізген жетістіктерін көрсетеді және отандық авиация үшін "қара тізім" мәселесі бұдан былай өзекті еместігін білдіреді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу