Қазақстан ISAR үкіметаралық жұмыс тобының вице-президенті болып сайланды

709

2018 жылдың 22 - 26 қазан аралығында Женевада Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобының 35-ші отырысы өтуде.

Қазақстан ISAR үкіметаралық жұмыс тобының вице-президенті болып сайланды

Қазақстан алғаш рет Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ISAR) үкіметаралық жұмыс тобының вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл алаңда алғаш рет Қазақстанның өкілі ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Осы мақсатта бухгалтерлік есепті және есептілікті әзірлеу, озық тәжірибелерді бөлісу саласындағы ең өзекті мәселелер мен басымдықтарды айқындау үшін ғаламдық және инклюзивті форум ретінде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ISAR) арналған үкіметаралық жұмыс тобы құрылды.

ISAR шеңберінде талдамалық зерттеулер, жыл сайынғы отырыстар мен семинарлар, халықаралық стандарттар мен әлемдік озық тәжірибелерді практикалық іске асыруға жәрдемдесу үшін басшылық құжаттар және техникалық көмек жобалары бойынша өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу