Қазақстан Испаниядағы туризм көрмесіне қатысады

1136

Қазақстан Испаниядағы туризм көрмесіне қатысады

2017 жылдың 18-22 қаңтары күндері Мадрид қаласында 36-шы халықаралық FITUR-2017 туристік индустрия көрмесі өтеді.

"FITUR" ("Ifema. Feria de Madrid" көрме кешені) халықаралық көрмесі Еуропа аумағындағы ірі әлемдік туристік шаралардың бірі болып табылады. Биыл көрмеге әлемнің 165 елінен 9500-ден астам туристік нарықтың нағыз кәсіби мамандары қатысады, деп мәлім етті индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

"FITUR" көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық стендін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің ақпараттық қолдауымен "ЭКСПО-2017" АҚ құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу