Қазақстан Италия құрамасына есе жіберді

765

Қазақстан Италия құрамасына есе жіберді

Қазақстан ұлттық құрамасы хоккейден Венгрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Италия құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Qsport.kz.

Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстан құрамасы Италия командасынан айласын асыра алмады. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап сауатты ойын үлгісін көрсеткен итальяндықтар Қазақстан құрамасына 3 гол соғып, кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Дегенмен Қазақстан құрамасы І дивизионның "А" тобында 6 ұпаймен көш тізгінін бастап тұр. Ал Италия құрамасы да осы жеңістен кейін 6 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Венгрия құрамасын 3:1 есебімен жеңсе, екінші айналымда Ұлыбританияны 6:1 есебімен ұтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу