Қазақстан "Италия – Орталық Азия (C5) + Әзербайжан" халықаралық форумына қатысты

117

Халықаралық агрофорумда Қазақстан атынан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы сөз сөйледі.

Қазақстан "Италия – Орталық Азия (C5) + Әзербайжан" халықаралық форумына қатысты Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ташкент қаласында аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға, инвестиция тартуға және озық технологияларды енгізуді талқылауға арналған "Италия – Орталық Азия (C5) + Әзербайжан" бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Форум жұмысына Италиядан, Орталық Азия елдерінен және Әзербайжаннан келген іскер топтардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысты. 

Талқылаулар барысында аграрлық секторды дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде инновациялық шешімдерді енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері қарастырылды.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және инвестиция тартуға ерекше мән берілді. Бұл тұрақты агроэкожүйелерді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Форум қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді бекітетін және агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадамдарды айқындайтын қорытынды коммюнике қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу