Қазақстан қай елдерге күріш экспорттайды?

914

Елімізде қаңтар-мамыр айларында 89 мың тонна күріш өндірілді.

Қазақстан қай елдерге күріш экспорттайды?

Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,9%-ға аз, деп жазды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстар бойынша барлық өнімнің 93,1% Қызылорда облысының үлесінде: 82,8 мың тонна, ал мұнда жылдық өсім 3,6%-ды құрады.

Күріш Алматы және Түркістан облыстарында да өндіріледі – сәйкесінше 4,3 мың және 1,8 мың тонна. Екі облыста да өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды: Алматыда – 11,8%-ға, ал Түркістанда – бірден 3,2 есеге.

Айта кететіні, жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республика бойынша күріш өндірісі жылына 5,7%-ға өсіп, 210,7 мың тоннаны құрады.

Биыл күріш өндірісінің айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Оған себеп Сырдариядағы су деңгейінің төмендеуі. Тапшылық күріш егісінің 11 мың гектарға қысқаруына алып келуі мүмкін.

Қазақстандық шаруалар биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде сұранысты 95,3%-ға жапты.

Импорттың үлесі тиісінше 4,7%-ға дейін өсті. Елімізге 3,5 мың тонна күріш әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 76,6% артық. Экспорт бұл ретте 28,9%-ға төмендеп, 28,7 мың тоннаны құрады.

Нәтижесінде, ішкі нарықтағы сату бір жылда 41,7%-ға өсіп, 46,4 мың тоннаны құрады. Төрт айдың қорытындысы бойынша 11 млн долларға 29,1 мың тонна күріш экспортталды. 

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді: 27,2 мың тонна 9,9 млн АҚШ доллары. Ең үлкен көлем Ресейге жеткізілді: 14 мың тонна, +70,6%. Бұл тізімге Тәжікстан мен Украина да кірді.

Қазақстан ТМД-ға кірмейтін әлемнің қалған елдеріне 1,9 мың тонна күріш жөнелтті, бұл бір жыл бұрынғыдан 81%-ға артық. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу