Қазақстан Қарашығанақта газ өндіру көлемін қысқартты – министр

167

Бұған Орынбор газ өңдеу зауытындағы оқиға әсер етті.  

Қазақстан Қарашығанақта газ өндіру көлемін қысқартты – министр Фото: kursiv.media

Қарашығанақтағы өндіріс көлемі қысқартылды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі таңда Қарашығанақ кен орнындағы өндіріс көлемін 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқартуға мәжбүр болдық. Яғни, өндіріс 9 мың тоннаға азайды. Сәйкесінше газ қабылдау көлемі қысқарды. Бірақ Қазақстанды газбен қамтамасыз ету жүйесі бұзылған жоқ", – деді Ерлан Ақкенженов Парламент палаталары бірлескен отырысының кулуарында.

Оның айтуынша, көгілдір отын жеткізуге қатысты барлық міндеттеме толық орындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу