Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі

137

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.    

Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар тасымалданады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

"Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу