Қазақстан Қашағандағы ГӨЗ-ді сатуды жоспарлап отыр

193

Үкімет тиісті өзгерістерді 2026 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен енгізді.  

Қазақстан Қашағандағы ГӨЗ-ді сатуды жоспарлап отыр Фото: Видеодан скриншот

Құжатқа сәйкес, GPC Investment компаниясын 2026–2027 жылдары тікелей сату арқылы өткізу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Қашағандағы газ өңдеу зауыты жобасын жүзеге асырып жатқан компанияны жеке қолға беруді жоспарлап отыр. "QazaqGaz" ұлттық компаниясының еншілес құрылымы – "GPC Investment" ЖШС бәсекелестік ортаға беру ұсынылған активтер тізбесіне енгізілді. Дәл осы компания Атырау облысындағы Қашаған газ өңдеу зауыты құрылысының операторы болып табылады.

Қашағандағы ГӨЗ қазіргі уақытта құрылыс кезеңінде. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, EPC-жұмыстарының дайындығы 60%-ға жетті, ал құрылыс алаңына негізгі жабдықтың 97%-ға жуығы жеткізілді. Жобаға 2 мыңға жуық маман тартылған.

Іске қосылғаннан кейін зауыт жылына 1 млрд текше метрге дейін ілеспе газды өңдеп, жыл сайын 727 млн текше метрге жуық тауарлық газ өндіре алады. Кәсіпорын үшін газ Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі – Қашағаннан түседі.

"Қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын Қашаған ГӨЗ салу жобасының ЕРС мердігері анықталды. FEED+EPC келісімге биыл жылдың төртінші тоқсанында қол қою жоспарлануда", – деп атап өтті Үкімет отырысында "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу