Қазақстан кәсіпкерлері Өзбекстан мен Тәжікстанда ірі сауда орталықтарын ашады

600

Көтерме сауда бағытындағы ірі орталықтар арқылы кәсіпкерлер өнімді Қазақстанға, артынша Ресейге жеткізуді көздейді. Бұл жөнінде толығырақ Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан кәсіпкерлері Өзбекстан мен Тәжікстанда ірі сауда орталықтарын ашады

"Мен көршілес елдерге іссапарға барған кезімде бизнесмендеріміздің өзара қарым-қатынасын ретке келтіруді мақсат тұттым. Әйтсе де екіжақты ірі үкіметаралық құжаттарға қолды мен қоймаймын. Өзбекстан мен Тәжікстанға барған сапарымда біз үш облыстан аралап шықтық. Ол облыстарға алдағы уақытта көтерме-бөлшектік орталықтар орналастырылады. Яғни біздің бизнесмендердің орталықтары сол жерде жұмысын бастайды. Кәсіпкерлеріміз сол елдерге инвестиция құю арқылы сапалы өнім қорын қалыптастырып, Қазақстан, артынша Ресейге экспорттауды көздейді", - деді министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша кәсіпкерлер екі елмен 3 млн долларға 6 келісім жасасқан. Осылайша, сол елдерден контрагенттерді тауып, жүйе жолға қойылып келеді.

"Келесі жылы осы келісімдердің саны да, сомасы да екі еселенер деген сенімдеміз", - деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу