banner

Қазақстан кедендік баж қолданылатын тауарлардың тізімін кеңейтті

385

Тиісті бұйрық осы жылғы 4 ақпаннан бастап күшіне енеді.   

Қазақстан кедендік баж қолданылатын тауарлардың тізімін кеңейтті  Фото: alashainasy.kz

Қазақстан кедендік баж қолданылатын тауарлардың тізімін кеңейтті, деп жазады inbusiness.kz

Сауда және интеграция министрлігінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 35-НҚ бұйрығымен әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне толықтыру енгізілді.  

"Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, ставкалардың мөлшері және олардың қолданылу мерзімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:   Тауар атауы – ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс тұқымдары. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды – 1206 00. Тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесі – 20%, бірақ тоннасына 100 евродан кем емес. Кедендік баждың қолдану мерзімі – тұрақты", - делінген құжатта. 

Тізімде ірі қара малдың терілері, жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, мыс қалдықтары мен сынықтары, бастапқы алюминий қорытпалары және т.б. бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу