Қазақстан келер айда Қырғызстанға бензин экспорттауды бастамақ

671

Бірінші жартыжылдықта зауыттар өндіруді шектеуге мәжбүр болды. Өйткені бензин артық өндірілген.

Қазақстан келер айда Қырғызстанға бензин экспорттауды бастамақ

Қазақстан келесі айда Қырғызстанға бензин жеткізуді бастауы мүмкін, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Келесі айда Қырғызстанға бірінші жеткізу басталады деп ойлаймын", – деді энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов журналистер тарапынан қойылған сауалға.

"Бізде бензин артығымен өндіріліп жатыр. Бірінші жартыжылдықта зауыттар өндіруді шектеуге мәжбүр болды. Өйткені бензин артық болды. Өндірісті тоқтатып тастамау үшін өңдеуді азайтуға тура келді", – деп қосты ол. 

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 1,222 млн тонна бензин өндірілген, оның ішінде авиациялық бензин де бар. Өндіру былтырғы жылдың қаңтар-сәуірінде 10%-ға көп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу