Қазақстан КХДР-дің баллистикалық зымыран ұшыруын батыл айыптайды

999

Қазақстан КХДР-дің баллистикалық зымыран ұшыруын батыл айыптайды

Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруына байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер мниистрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 28 шілдедегі Корей Халық-Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыранды ұшыруын үзілді-кесілді батыл айыптайды. Мұндай іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қараларрын өрескел бұзушылық болып табылады, бейбітшілікке қауіп төндіреді, сондай-ақ және Шығыс Азия өңірінде және жаһандық ауқымда жағдайды ұшықтырады.

ҚХДР-дың жауапсыз саясаты ядролық қарусызданудың жаһандық процесіне теріс әсер етеді, болашақ ядросыз ғаламшарды қамтамасыз ету жөніндегі ұжымдық кұш-жігерге зиян келтіреді. ҚХДР-ды өз халқының қауіпсіздігі мен дамуы, сондай-ақ бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға табанды түрде шақырамыз.

ҚХДР-дың зымырандық және ядролық бағдарламасының қаупі бүкіл мүдделі тараптарға келіссөздер процесін жедел түрде қайта бастау арқылы өзара тиімді шешімді іздестіру жөніндегі күш-жігерді жандандыруды талап етеді. Қалыптасқан жағдайдан шығу Солтүстік Корея билігінің арандатушылық іс-әрекеттерінен туындаған проблеманы күшпен емес, нақ келіссөздер арқылы шешуге болады деп есептейміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу