Қазақстан киік мүйізін экспорттайтын болды

177

Самарқандта өткен CITES Тараптарының 20-шы конференциясында Қазақстанның киік мүйізіне қатысты нөлдік экспорттық квотасы алынып тасталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан киік мүйізін экспорттайтын болды Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұл шешім елімізге киіктің дериваттарын халықаралық саудаға қайта шығаруға мүмкіндік береді.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев басшылық еткен делегация конференцияда 31 екіжақты кездесу өткізді. Қазақстанның ғылыми және қорғау тәжірибесі халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

CITES Бас хатшысы Ивонн Игуэро Қазақстандағы киіктің саны тарихи кезеңнен 21 мыңнан 4 миллионға дейін өскенін атап өтті. Енді Қазақстан мүйізбен реттелетін халықаралық саудадан түскен кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру және мониторинг жүргізуге бағыттауды жоспарлап отыр.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 111 ел (94%) бұл шешімді қолдаса, 7 ел, оның ішінде Моңғолия, қарсы дауыс берді. Бұл қадам ғылыми негізделген қорғау моделінен орнықты пайдалану кезеңіне көшу ретінде бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу