Қазақстан маусым айында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы мұнай экспортын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өнім көлемінің төмендеуі Қашаған кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты.
Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, жаздың алғашқы айында құбыр арқылы айдау көлемі тәулігіне 1,3–1,4 миллион баррельді құрауы мүмкін.
Қазақстан Еуропа елдері үшін көмірсутектердің негізгі жеткізушілерінің бірі ретіндегі рөлін жалғастыруда. Қазіргі уақытта Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттары Таяу Шығыстан келетін жеткізілімдердің қысқаруын өтеу жолдарын белсенді іздестіріп жатыр.
Еуропа аймағындағы энергетикалық қиындықтар күнделікті өмірге де әсер ете бастады:
- Әуе отыны бағасының өсуі;
- Әуе рейстері санының мәжбүрлі түрде қысқаруда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Энергетика министрлігі "Дружба" құбырын айналып өту (Германияның Шведт қаласы бағытында) бағдарларының өзгеруіне байланысты 260 мың тонна мұнайдың қайта бөлінгенін хабарлаған болатын. Бұл көлемнің шамамен 160 мың тоннасын КҚК жүйесі арқылы, ал қалған бөлігін Ресейдің Усть-Луга порты арқылы бағыттау жоспарланған еді.