Қазақстан көлік-логистика саласына $35 млрд-тан астам инвестиция тартты

290

ТХКБ арқылы контейнерлік тасымалды 2029 жылға қарай 300 мың ДФЭ-ге жеткізу жоспарланған.  

Қазақстан көлік-логистика саласына $35 млрд-тан астам инвестиция тартты Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстанның көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Бейжіңде өткен Тұрақты көлік жөніндегі жаһандық форумға қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында халықаралық көлік байланысын дамыту, логистикалық тізбектердің тұрақтылығы, цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Мақсат Қалиақпаров Қазақстанның Қытай, Орталық Азия, Каспий өңірі және Еуропа арасындағы негізгі құрлықтық транзиттік бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соңғы 15 жылда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 35 млрд доллардан астам инвестиция салынған.

Форумда Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға да назар аударылды. Соңғы бес жылда бұл бағыттағы транзит көлемі 3,5 есе өскен. 2025 жылы контейнерлік тасымал көлемі 77 мың ДФЭ болды. 2029 жылға қарай оны 300 мың ДФЭ-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Форум қорытындысында Тұрақты көлік саласындағы жаһандық даму және ынтымақтастық бастамасының негіздемелік құжаты қабылданды.

Қазақстан көлік дәліздерін дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын күшейту бағытындағы ынтымақтастықты жалғастырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу