Қазақстан көлік саласында Ресей және Қытаймен ынтымақтастығын жалғастыра береді

363

Бүгінде стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану.

Қазақстан көлік саласында Ресей және Қытаймен ынтымақтастығын жалғастыра береді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Президент қазір бәсеке күшейіп тұрғанын баса айтты. 

"Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек. Ең алдымен, "Достық-Мойынты", "Бақты-Аякөз", "Дарбаза-Мақтаарал" бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажет. Оның қатарында Алматыны айналып өтетін темір жол желісі де бар. Қазақстан көлік саласында Ресеймен, Қытаймен ынтымақтастығын жалғастыра береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу