Қазақстан көмірінің басым бөлігі Ресейге саудаланады

1092

Үкімет көмір бағасын тұрақтандыру үшін сектордағы делдалдарды жоюға ниетті.   

Қазақстан көмірінің басым бөлігі Ресейге саудаланады

Биыл қаңтарда қазақстандық көмір өндіруші компаниялар 10,1 млн тонна тас көмір, лигнит және көмір концентратын алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салыстырғанда 3,8%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Көмірдің ең үлкен көлемі Павлодар облысында өнділірген (6,3 млн тонна, бір жылда минус 3%).

Екінші және үшінші орында Қарағанды (2,9 млн тонна) және Шығыс Қызықстан облыстары (854,2 мың тонна) тұр.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан кәсіпорындары 115,7 млн тонна көмір алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.

Сектордағы өндірістің басым бөлігі – барлық көлемнің 89,8%-ы тас көмірге тиесілі. Биыл қаңтарда 9,1 млн тонна, бір жылда тас көмір өндіру 5,1%-ға қысқарған. Оның ішінде энергетикалық көмір өндіру – 1,4 млн тонна, кокс көмірі – 606,3 мың тонна.

Лигнит (қоңыр көмір) өндіру бір жылда 12,9%-ға, 669,6 мың тоннаға дейін, көмір концентратын өндіру – 3,1%-ға, 358,6 мың тоннаға дейін өскен.

Қазақстан көмірге деген ішкі сұранысты (ішкі нарықта сату, плюс экспорт) толық қамтамасыз еткен. Айтарлықтай үлес экспорттың үлесінде. 

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстаннан 500,1 млн доллар болатын 29,2 млн тонна көмір экспортқа жіберілген. Заттай көріністегі өсім – 10%, ақшалай көріністе – 31%.

Қазақстандық көмір ТМД елдерінде жоғары сұранысқа ие. Мәселен, 2021 жылғы 12 айда ТМД-ға мүше мемлекеттерге 392,6 млн доллар болатын 23,2 млн тонна көмір жіберілген. Қазақстан көмірін көбінесе Ресей сатып алады: экспорттың жалпы көлемінің – 65,1%. Кейін тізімде Беларусь және Қырғызстан тұр.

ТМД-ға кірмейтін елдерге Қазақстан 107,5 млн доллар болатын 6 млн тонна көмір экспорттаған. Мұнда Швейцария көш бастап тұр (4,8 млн тонна, плюс 34,6%).

Биыл қаңтардың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі нарығында 1 тонна көмір 14,8 мың теңгеге дейін немесе бір жылда 9,8%-ға қымбаттаған.

Бағаның ең жоғары жылдық өсуі Шығыс Қазақстан (бір жылда 22,2%), Жамбыл ( бір жылда 14,9%) және Ақмола (бір жылда 14,5%) облыстарында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында көмір бағасы айтарлықтай көтерілмеген (бір жылда 3,2%). 

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға жылдық динамикада өзгермеген.

Елдегі ең қымбат көмір Таразда (1 тоннасы 20,1 мың теңге), ал ең арзаны Семейде (1 тоннасы 11,4 мың теңге).

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда көмір бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға, 2020 жылы 3,3%-ға өскен.

Primeminister.kz дерегінше, Үкімет коммуналдық-тұрмыстық көмірге оңтайлы бағаны белгілеу ету үшін делдалдарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Көмірді тауар биржасы арқылы өткізу бойынша пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсеткен. Нәтижесінде, делдалдар саны қысқарған, әрі бөлшек сатушылардың көмір разрезіндегі ресурстарға тікелей қолжетімділігі артқан.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу