banner

Қазақстан қор биржасы жұмысын бастады

1275

Барлық қаржы құралдары бойынша сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.30-дан 15.30-ға дейін өтеді.

Қазақстан қор биржасы жұмысын бастады

KASE-де қор нарығының барлық қаржы құралдары 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап саудаланады, деп жазды inbusiness.kz. 

Нарық қатысушылары бағалы қағаздарды сатып алу-сату және репо операциялары бойынша нарықтарға қол жеткізе алады.

Барлық қаржы құралдары бойынша сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.30-дан 15.30-ға дейін өтеді.

Бірінші клиринг сессиясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, екінші клирингтік сессия - 15.30-дан 17.00-ге дейін өтеді.

Клирингтік сессиялардың нәтижелері негізінде биржалық сауда-саттықтар бойынша есеп айырысулар жүргізіледі.

Еске сала кетсек, Қазақстан қор биржасында осыған дейінгі сауда 31 желтоқсан өткізілген. Одан кейін сауда жаңа жылдық демалыстарға тоқтаған. Артынша елдегі жағдайларға байланысты қор нарығы қызметін жүзеге асырған жоқ. Осылайша биржа биылдыққа бірінші рет жұмысын бастады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу