Қазақстан қор биржасында сауда қалыпты режимде өтеді

1548

АҚШ долларымен сауда әдеттегі ережелерге сәйкес Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.15-17.00 аралығында жүргізіледі.

Қазақстан қор биржасында сауда қалыпты режимде өтеді

1 наурыз KASE-де сауда қалыпты режимде өтеді, деп жазды inbusiness.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"1 наурызда Қазақстан қор биржасында сауда-саттық барлық қаржылық құралдар бойынша әдеттегідей орындалатын болады. АҚШ долларымен сауда әдеттегі ережелерге сәйкес Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.15-17.00 аралығында жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 1 наурыз сауда Франкфурт аукционы түрінде емес, қалыпты режимде ұйымдастырылуда. 

Еске сала кетсек, 28 ақпан Қазақстан қор биржасында сауда 15.00-ге шегерілді. Алғашқы мәміле бір доллар үшін 495 теңге бағамы бойынша жасалды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу