Қазақстан қор биржасының листингтік жүйесі өзгерді

726

Қазақстан қор биржасының листингтік жүйесі өзгерді

Қазақстан қор биржасының листингтік жүйесі өзгерді. Енді бұрынғыдай тізбе емес, тізім үш топқа бөлінеді. Яғни эмитент-компаниялар "негізгі", "баламалы" және "аралас" деген топтарға біріктірілді. Жаңа жүйені бүгін КАСЕ өкілдері арнайы таныстырды. Мамандардың айтуынша, негізгі топқа ірі эмитенттердің акциялары мен облигациялары орналастырылған. Талап бойынша эмитенттің табысы 3 млн айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс. Және ондағы компаниялардың табыстылығы да жоғары болады. Ал баламалы топқа өтпелі кезеңде тұрған компаниялар кіреді. Мысалы, БАСТ және Алматы көпір құрылғылар зауыты секілді орта кәсіпорындар орналасады. Ал аралас топ орта және шағын кәсіпкерлікті қамтуды көздейді. Қор биржасы өкілінің айтуынша, жаңа жүйе инвесторларға таңдау жасауға тиімді және компанияның кірісі туралы ақпараттарды алу ыңғайлы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу