Қазақстан коронавирус инфекциясының 4 толқынын бастан кешірді

987

Мәжілістегі үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан коронавирус инфекциясының 4 толқынын бастан кешірді

Министр вирус өршіген кезеңде коронавирус инфекциясы штаммының жаңа нұсқасы қайта-қайта пайда бола бергенін, тәулігіне 7 800 адам вирус жұқтырған уақыт тіркелгенін баяндады. 

"КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды дер кезінде жүргізу аурудың таралу қарқынын тежеуге және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал етті", – деді Алексей Цой. 

Бұдан кейін министр қазір ел өңірлері қандай аймақта тұрғанын еске салды. 

"Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары – "сары", Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Шымкент қалалары – "жасыл", Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары – "қызыл" аймақта тұр", – деді Алексей Цой. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу