Қазақстан коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің қанша пайызын өзі өндіріп жатыр

780

Елдегі коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектің 48%-ы отандық кәсіпорындарда өндірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің қанша пайызын өзі өндіріп жатыр

ОКҚ алаңында отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы айта келе "СҚ-Фармация" басшысы Үкімет саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асырып жатқанын атап өтті. Оған сәйкес фармацевтика өндірісінің отандық үлесі 50%-ды құрайды. 

"Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер ДДСҰ жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттарды шығару ісін жолға қойды. Мысалы, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектің 48%-ы – отандық өнімдер", – дейді шын болса Ерхат Есқалиев.

Компания басшысы Бірыңғай дистрибьютордың кері байланыс құралдары туралы да сөз қозғады. "СҚ-Фармация" қызметі туралы халықты ақпараттандырудың барлық қолданыстағы арналары толық көлемде пайдаланып, өзекті және шынайы ақпаратты береді. Атап айтқанда ресми веб-сайт, әлеуметтік желілердегі парақшалар, байланыс орталығы, төрағаның блогы және әлеуметтік желілердегі парақшалар, онда онлайн хабарласып, кері байланыс алуға болады.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу