Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта"

779

Науқастардың 63%-ы 3 өңірде тұрады.  

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта"

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Жалпы науқастан санының 63%-ы Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында тұрады. Мәселен, Алматыда ақпан айында орта есеппен күніне коронавирустық инфекция жұқтырған 100 адам тіркелсе, сәуірде бұл көрсеткіш 600 жағдайға жеткен. Нұр-Сұлтан қаласында ақпан айында орта есеппен күніне 100 жағдай тіркелсе, сәуірде 500-ге жетті. Алматы облысында ақпан айында күніне 70 науқас тіркелсе, сәуірде олардың саны 270-ке жетті. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтанның "қызыл аймаққа" кіргеніне 1 айдан асқанын ескеру қажет", – деді министр.

Сонымен қатар Алексей Цой соңғы аптада елімізде эпидемиологиялық жағдайды нашарлай түскенін жеткізді.

"Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта" тұр. Сегіз өңір қатерлі аймақта. Атап айтқанда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Ақмола облыстары", – деді ведомство басшысы.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу