Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.
Сондай-ақ Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.
Бұған дейін жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу