Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 100-ші орынға көтерілді

634

Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) рейтингінде 100-ші орынға көтерілді, жаңартылған нұсқасы ұйымның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 100-ші орынға көтерілді Фото: kff.kz

Жаңартылған рейтингтер кестесінде Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 100-орынға жайғасты.

Қыркүйек айында Магомед Адиевтің командасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өз алаңында екі матч өткізді: Финляндиядан (0:1) жеңіліп, Солтүстік Ирландияны (1:0) ұтты.

Осылайша, Португалия сегізінші орынға көтеріліп, Италияны тоғызыншы орынға ығыстырды. Алайда үздік үштік өзгеріссіз қалды. Рейтингті қазіргі әлем чемпиондары, Аргентина құрамасының ойыншылары бастап тұр, екінші орында француздар, үшінші орында бразилиялықтар тұр.

21 қыркүйектегі ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина – 1851,41;

2 (2). Франция – 1840,76;

3 (3). Бразилия – 1837,61;

4 (4). Англия – 1794,34;

5 (5). Бельгия – 1792,64;

6 (6). Хорватия – 1747,83;

7 (7). Нидерланд – 1743,15;

8 (9). Португалия – 1728,58;

9 (8). Италия – 1727,37;

10 (10). Испания – 1710,72;

...100 (104). Қазақстан -1206,94.

Қазақстан 2016 жылы рейтингте 86-шы орында болатын.

Алты турдан кейін рекордтық 12 ұпай жинаған Қазақстан қосымша көрсеткіштер бойынша Финляндиядан (12) артта қалып, топта төртінші орында тұр. Словения мен Дания көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі келесі екі матчын сырт алаңда өткізеді, атап айтқанда Дания (14 қазан) мен Финляндия (17 қазан) құрамаларына қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу