Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 136-орнын сақтап қалды

587

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 136-орнын сақтап қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) түзген жаңа рейтингі бойынша 136-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz. 
Қазақстан құрамасы ақпан айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Ал бұл айда Станимир Стойлов жаттықтыратын біздің құрама екі кездесу өткізеді. 23-наурыз күні Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізсе, 26-наурыз күні Фельчут (Венгрия) қаласында Болгария құрамасымен кездеседі.
Жаңартылған тізімде құраманың еншісінде 223 ұпай бар. Осылайша Қазақстан құрамасы қаңтар айында тұрақтаған 136-орнын сақтап тұр. 
Тізімнің үздік үштігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Көш басында Германия құрамасы тұрса, екінші орында Бразилия, үшінші сатыда Португалия құрамасы орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу