Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға төмендеді

756

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға төмендеді

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) ресми сайтында жарияланған рейтингте Қазақстан құрамасы үш орын төмен сырғып, 136-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды vesti.kz.
Қазан айында жаңарған рейтингте Қазақстан құрамасы жеті орынға төмендеген еді. Бұл айда тағы үш орын төмен түсті. 
Қазақстан құрамасы қараша айында ешқандай ресми және жолдастық кездесу өткізген жоқ. Бас жаттықтырушы Александр Бородюктің шақыртуымен жиналып, екі рет жастар құрамасымен тәжірибелік ойын өткізді. Наурыз айында Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер көп емес. Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия келеді. Үштікті Португалия құрамасы түйіндеп тұр. Швейцария құрамасы алғашқы ондыққа оралған. Испания құрамасы екі орын жоғарылап, 6-орынға тұрақтапты. Есесіне Франция мен Польша құрамалары бір орыннан төмен жылжыған. Ал Перу құрамасы үздік ондықтан шығып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу