Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді – Универсиада

488

Универсиада АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. 

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді – Универсиада Фото: liter.kz

2023 жылғы қысқы Универсиадада екінші алтын жүлдені еншісіне жазғаннан кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 12 қаңтарда басталған Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.

Осылайша ел құрамасы екі алтыннан кейін медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Бұдан бұрын құрама 10-орында тұрған еді.

Көш басында Жапония 17 (9-6-2) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның – 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен – төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.

Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу