Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы көз жұмды

419

Жаттықтырушының қазасына не себеп болғаны ресми түрде жарияланған жоқ. 

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы көз жұмды Фото: "Астана" ФК

"Астана" футбол орталығының жаттықтырушысы әрі футбол және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамаларының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Целиноград футболының тәрбиеленушісі мансабын "Целинникте" бастап, кейін "Жеңіс" пен "Наша компания" сапында ойнаған. 1994 жылы ұлттық құрамаға шақырту алып, ел намысын төрт кездесуде қорғады.

Футболдағы мансабын аяқтаған соң, біраз уақыт футзал ойнап, бұл спорт түрінен де ұлттық құрама деңгейіне дейін көтерілді. Кейін бапкерлікке ауысып, "Астана" ФК-ның жастарды тәрбиелейтін мамандар тобына қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу