Оның сөзінше, ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі үш жылда қазіргі 73%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол үшін жаңа өндірістерге инвестициялар тарту және құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде қазақстандық өнімнің басымдығын қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жергілікті өндірісті кеңейту үшін жылу оқшаулағыш және керамикалық плиталар, композиттік және қаптау материалдарын шығаруда айтарлықтай әлеует бар.
– Мемлекет басшысының 2027 жылды Халықтық құрылыс жылы деп жариялауы отандық құрылыс материалдарын, жабдық пен бұйымдар өндірісін дамытуға қосымша серпін береді. Бүгінде ішкі нарықтағы сұраныстың шамамен 73%-ы отандық өнімге тиесілі. "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында құрылыс материалдарына деген қажеттілік айқындалып, оларды өндіретін жаңа кәсіпорындарға инвестиция тарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде отандық құрылыс материалдарын негізсіз импорттық өнімдермен алмастыруға жол бермеу шаралары қабылданады, – деді Ерсайын Нағаспаев.
Бұған дейін министр жыл басынан бері өндіріс көлемі 9,3%-ға өскенін хабарлаған еді.