Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасы бойынша үшжақты кездесу өткізді

603

Тараптар "Жол картасын" іске асыруды талқылады және ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары бойынша құжаттардың жобаларын қарады 

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасы бойынша үшжақты кездесу өткізді Фото: aa.com.tr

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан энергетика министрліктері "Камбарата ГЭС-1" құрылысы бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесуге Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Ж. Мырзамахмудов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Т. Ибраев, Қазақстанның Энергетика вице-министрі Ж.Нұрмағанбетов, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев, тараптардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауапты басшылары мен қызметкерлері қатысты.

"Кездесу аясында жобаны іске асыру барысы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша жобаны іске асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері келісілді, сонымен қатар келесі кездесуді осы жылдың наурыз айының соңына дейін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан энергетика министрлері 6 қаңтарда Қамбарата ГЭС-1 құрылысы бойынша Жол картасына қол қойды.

Нысан Қырғызстанда салынады, ал Қазақстан мен Өзбекстан жобаға инвестор ретінде қатысады.

Қамбарата ГЭС-1 келісімге қол қойған Орталық Азия елдерінің энергетикалық және су қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, Қырғызстанның энергетикалық қауіпсіздігінің негізі болады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу