Қазақстан Қырғызстандағы қазақтарға 20 білім грантын бөледі

459

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қырғызстанға ресми сапары барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Қырғызстандағы қазақтарға 20 білім грантын бөледі

Құжатқа сәйкес Қазақстан Қырғызстан азаматы болып саналатын этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөледі.

Осыған дейін Президенттің Түркияға мемлекеттік сапары барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын.

"Сонымен қатар қазіргі уақытта біз бірқатар басқа елмен келісімдерге келу және білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы алдағы уақытта жазамын", – деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу