Қазақстан Қырғызстанды қолдады

750

Қырғызстанға ЕАЭО аясында импорттық кеден бажын бірыңғай кедендік тарифте көзделгеннен төмен тарифпен төлеу мүмкіндігі берілді.

Қазақстан Қырғызстанды қолдады

Cенаторлар "2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО-ның құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдеуінше, айыр қалпақты ағайын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қолдану жөніндегі жағдай мен өтпелі ереже туралы хаттама негізінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі мөлшерлемесіне көшті.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу