Қазақстан Қырғызстанға бензин экспорттайды

782

Экспорттау келер жылдың ақпан айынан басталмақ.

Қазақстан Қырғызстанға бензин экспорттайды

Қазақстан 2019 жылдың ақпанында Қырғызстанға бензин экспорттай бастайды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Бір апта бұрын Қырғызстан тарапынан жауап келді. Осы аптада немесе қаңтардың бірінші он күндігінде тиісті органдардың келісімін аламыз. Бұл мәселе бойынша менің орынбасарым Қырғызстанға арнайы баратын болады. Келісімшартқа қол қойылса, ақпан айынан бензин экспорттай бастаймыз", – деді министр.

Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев бензин экспорттау бойынша Армения және Беларусь елдерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Атап өтерлігі, аталған екі мемлекеттің өзі осыған мүдделі болып отыр. Қазір бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен талқылап жатқан көрінеді.

"Осыдан екі ай бұрын Ресей энергетика министрлігімен арнайы келісімшартты бекіттік. Егер аталған құжатты қаңтар-ақпан айларында ратификациялап үлгерсек, онда наурыз айынан бастап одаққа мүше емес Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді мемлекеттерге де өнім экспорттауға мүмкіндік туады. Жалпы, бұл мәселені алдағы бір-екі айдың ішінде толықтай шешетін боламыз", – дейді Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу