Биыл қараша айынан бастап Қырғыз Республикасына мұнай жеткізу қайта жанданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін бұл бағытқа мұнай 2017 жылы тасымалданды. 2025 жылдың соңына дейін "ҚазТрансОйл" Қырғызстанға 30 мың тоннаға дейін мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр.
Ал, Өзбекстан бағыты бойынша мұнай транзиті биылғы желтоқсан айында 35 мың тоннаға дейінгі көлемде жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Барлық бағыт бойынша мұнай тасымалдау магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы "Шағыр" мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады.
Мұнай тасымалы көлемінің оң серпіні халықаралық серіктестермен тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастықтың нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр.