Қазақстан Қытайдағы ірі кітап көрмесінде ұлттық павильонын таныстырды

268

Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, дипломатиялық корпус пен Қытайдың мәдениет саласының өкілдері қатысты.  

Қазақстан Қытайдағы ірі кітап көрмесінде ұлттық павильонын таныстырды Фото: gov.kz

Гуанчжоу қаласында Оңтүстік Қытай кітап көрмесі 30-шы рет ашылды. Қытайдағы кітап және баспа саласындағы ірі шаралардың біріне Қазақстан биыл екінші жыл қатарынан қатысып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның ұлттық павильонында қазіргі қазақ әдебиеті, балалар шығармалары, мәдени мұра мен креативті индустрияға арналған 100-ге жуық кітап пен мәдени өнім қойылған.

Экспозициядан Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы сынды көрнекті тұлғалардың еңбектеріне арналған басылымдар, сондай-ақ қазақтың эпостық және фольклорлық мұрасы, салт-дәстүрі, қолөнері, ұлттық киімі, тағамдары мен киіз үй мәдениеті туралы кітаптар орын алды.

Көрме аясында "Түркістан" және "Шексіз музыка: Димаш" кітаптарының таныстырылымы өтіп, қазақтың дәстүрлі қолөнер үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың Мемлекеттік баспасөз және баспа істері басқармасы классикалық шығармаларды аудару және басып шығару жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Оның аясында алдағы бес жылда қазақ және қытай әдебиетінің 30-ға жуық туындысын аудару жоспарланған.

Кітап көрмесі 27-31 тамыз аралығында Гуанчжоудағы China Import and Export Fair Complex кешенінде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу