Қазақстан Қытайдан инвестиция тартатын ТОП-3 елдің қатарында

381

Қазақстан - Еуразия аймағында Қытай инвестицияларының көлемі бойынша көшбасшы мемлекеттер қатарында.     

Қазақстан Қытайдан инвестиция тартатын ТОП-3 елдің қатарында Фото: Ашық дереккөз

Үздік үштікке елімізден бөлек Ресей мен Түркменстан кірген. Бұндай мәліметті Еуразиялық Даму Банкі жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаржы институты Аспан асты елі мен Еуразия құрлығындағы 12 мемлекеттің соңғы 7 жылдағы өзара тікелей инвестицияларын зерттеген. Банк ақпаратына сүйенсек, бұл көрсеткіштің 25% ұлғайғаны байқалады. Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартысында өзара инвестициялардың жалпы көлемі 80 млрд долларға жеткен. Оның тек 1 млрд доллары ғана Қытай экономикасына салынған. Ал, Қытайдан қаражат алатын басты ел – Қазақстан. Еліміздің экономикасына аспан асты елі 42 млрд доллар инвестиция салған. Бұл – жалпы көлемнің 52%.

Еуразиялық Даму Банкінің мәліметінше, Ресейге қытайлық инвесторлар екі есе аз қаражат салған. Қаржы институтының дерегінше, Қытай өткен жылдың екінші жартысына дейін Түркменстанға 9 млрд 400 млн доллар құйған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу