Қазақстан Қытаймен бірлесіп 3 ірі электр станциясын салады

178

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады.      

Қазақстан Қытаймен бірлесіп 3 ірі электр станциясын салады Фото: habr.com

Қазақстанда Қытай компаниясымен бірлесіп екі жел электр станциясы және бір күн электр станциясы іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоспар бойынша:

  • Павлодар облысында – 1000 МВт қуаты бар ірі жел электр станциясы салынады;
  • Қарағанды облысында – 500 МВт жел электр станциясы іске қосылады;
  • Түркістан облысында – 300 МВт күн электр станциясы құрылуда.

Қытай жобалардың негізгі инвесторы болып саналады, ал Қазақстан тарапынан құрылыста 25-30% үлес бар.

Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2-3 жыл ішінде басталмақ. Үш жобаның жалпы инвестициялық бюджеті 2,2 млрд доллар деп бағаланған.

Барлық үш электр станциясының құрылысы 2027–2029 жылдары аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу