Қазақстан-Люксембург футбол матчына төрешілер белгіленді

794

Матч наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталады. 

Қазақстан-Люксембург футбол матчына төрешілер белгіленді Фото: спортмастер

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінде Германия елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас төреші - Кристиан Дингерт. Оған Роберт Кемптер мен Кристиан Дитз көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - люксембургтік Иву Торреш.

Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама беретін Ұлттар лигасы плей-офф сатысы жартылай финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу