Қазақстан Макаомен визасыз режимді қарастыруда

1037

Қазақстан Макаомен визасыз режимді қарастыруда

Қазақстан Макаомен өзара визасыз режим енгізуді қарастырып жатыр. Өйткені соңғы жылдары Қытайдың арнайы әкімшілік ауданымен өзара әріптестік артып келеді. Макаоның инвесторлары қазақ жеріндегі бірқатар жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады 24Хабар.

Бұл туралы Гонконг пен Макаодағы Қазақстанның бас консулы Ануарбек Арғынғазин айтты. Оның сөзінше, арнайы әкімшілік ауданының кәсіпкерлері қазір Қостанай мен Шымкентте сабан өңдеп, экологиялық таза өнім шығаратын екі зауыт салмақ. Инвестициялық жоба сәтті жүзеге асса, 400 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

"Келесі жылы үлкен бір-екі зауыт салғымыз келеді. Ол мына біздің - Қостанай облысында, біреуі -Оңтүстік Қазақстан облысында. Бұлардың инвестициясы қазір келесі жылы көбейе түседі, біз сол Бас консулдықтың жұмысы осы екі қаланың бизнестерін, осы екі қаланың саясаткерлерін, осы екі қаланың үлкен үлкен компанияларын елге апарып инвестиция жасату", – дейді Қазақстанның Гонконг пен Макаодағы бас консулы Ануарбек Арғынғазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу