Қазақстан мал ауруына қарсы вакциналарын Моңғолияға жеткізуге мүдделі

140

Бұл туралы Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.   

Қазақстан мал ауруына қарсы вакциналарын Моңғолияға жеткізуге мүдделі Фото: eldala.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мал ауруына қарсы тиімді вакцина өндірісі жолға қойылғанына айрықша тоқталып өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Екі ел де табиғи байлығы мол мемлекеттер. Тау-кен саласында, соның ішінде геологиялық барлау және жер қойнауын игеру ісінде Қазақстанның тәжірибесі мол. Қос тарап осы бағытта бірлесіп, күш жұмылдыруға дайын. Елдеріміз ауыл шаруашылығына, әсіресе мал шаруашылығына айрықша мән береді. Қазіргі заманда мал өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай әрі қауіпсіз болуы аса маңызды. Қазақстанда мал ауруына қарсы тиімді вакцина өндірісі жолға қойылған. Біз еліміздің вакциналарын Моңғолияға жеткізу, болашақта бірлескен өндіріс орындарын ашу мүмкіндігін қарастыруға мүдделіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Моңғолияның жерді ғарыштан бақылайтын жүйе құру бастамасына қолғабыс етуге дайын екенін баса айтты.

– Осы салаға қажетті, білікті мамандарды даярлауға болады. Қазақстан цифрлық даму мәселесіне айрықша назар аударады. Бұл еліміздің болашағын жаһандық бәсекедегі орнын айқындайтын стратегиялық сала. Бүгін Хурэлсүх мырза Әлем АІ халықаралық орталығына және Ақылды қаланы басқару орталығына барады. Жалпы, цифрландыру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға екі тарап та мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу