Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстер ашады

689

Биылғы жылдың 4 қазанынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында 4 тұрақты рейс ашады. Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстер ашады

"Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу