Қазақстан медицинасы ТМД бойынша мықты болып шықты

1442

Денсаулық сақтау рейтингінде Қазақстан 95 елдің ішінде 58-орында.

Қазақстан медицинасы ТМД бойынша мықты болып шықты

Ел индексі – 59,99. Индекс неғұрлым жоғары болса, денсаулық сақтау жүйесі соғұрлым жақсы деген сөз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Бұл рейтингте медицина қызметкерлері, жабдықтар, қызметтердің құны және басқа да критерийлер ескеріледі.

Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапонияның денсаулық сақтау жүйесі үздік деп танылды. Ең нашар көрсеткіш – Венесуэлада.

Рейтингке қатысқан ТМД елдері арасында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үздік болып шықты. Салыстырмалы түрде Ресей, Украина, Беларусь және Әзербайжан көрсеткіштері нашар.

Елде ақпанда амбулаториялық қызметтердің бағасы бір айда 1,8%, ал бір жылда 6,4%-ға өскен.

Ай сайынғы динамикада амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметі 6,1%, дәрігердің алғашқы қабылдауы 2,1%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 1,4%, стоматологиялық қызметтер 0,6%-ға қымбаттады.
Жылдық динамикада амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметі 9,8%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдауы 8,5%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 5,8%-ға, стоматологиялық қызметтер 4,4%-ға қымбаттады.
2020 жылы Қазақстанда барлық мамандықтағы 76,4 мың дәрігер (тіс дәрігерлерінен басқа) болды – бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,2% артық.

Ең көп дәрігер саны Алматыда – 13,5 мың адам. Көшбасшылар үштігіне астана (тоғыз мың адам) және Қарағанды облысы (6,4 мың адам) кірді. Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер саны ең аз – барлығы 1,7 мың адам. 

Халықтың әрбір 100 мың адамына небәрі 405 дәрігер келеді – бір жыл бұрынғыға қарағанда 2%-ға артық. Дәрігер жетіспеушілігі Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарында тым қатты байқалады.

Әрбір 100 мың қазақстандыққа 14 провизор, 21 фармацевт, 323 маман дәрігер, 10 стоматолог келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу