Қазақстан мектептеріне қатысты сүйінші жаңалық жарияланды

Мұндай жақсы жаңалықты бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.  

Қазақстан мектептеріне қатысты сүйінші жаңалық жарияланды Фото: NIS

Оның айтуынша, "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинеті ашылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бүгінде елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары мен "111" байланыс орталықтары енгізілген. Тұжырымдама аясында мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу жоспарланды, – деп толықтырды министр.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, бұзушылық фактілерінің алдын алу және психологиялық көмек көрсету бойынша барлық шара – әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруінің негізі.

– Жалпы алғанда, соңғы жылдары балалардың қауіпсіздігін жақсарту үшін бірқатар жүйелі шара қабылданды. Білім беру мекемелері техникалық қауіпсіздік жабдықтарымен толық жабдықталған. Жазғы лагерлердің қызметін лицензиялау 2026 жылдың 1 сәуірінен, ал мектепке дейінгі мекемелерді 2027 жылға жоспарланған. Балаларды зиянды ақпараттан қорғау шараларының бірі заңсыз мазмұндағы ақпаратты жоймағаны үшін онлайн платформаларға жаза күшейтілді, – деді Оқу-ағарту министрі.

Бұған дейін Үкімет "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіткенін хабарладық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу