Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол соңғы жылдары, Ресей мен Өзбекстан бағыттарында өткізу қабілетін арттыру мәселесі толығымен шешілгенін атап өтті. Мысалы, Сарыағаш түйіспесінде бұл көрсеткіш 24 пойыздан 35 пойызға дейін жеткізілді.
Шілдеден бастап Қытай бағыты бойынша "Достық–Мойынты" желісінде қосымша пойыздар жүрісі басталды.
"Осылайша, теміржол түйісу пункттерінің мәселесі шешімін тапты. Қазақстан Темір Жолы еліміздегі бизнес өкілдерінің экспорт пен импортқа деген сұранысын толығымен қанағаттандыруға міндетті. Болашақта мемлекетаралық түйісу пункттерінің өткізу қабілетін 296 млн тоннаға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.