Тампа қаласында Қазақстан мен АҚШ қарулы күштерінің өкілдері халықаралық симпозиумда материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқыға салды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Талқылау барысында екі елдің материалдық-техникалық қамтамасыз етуі аясындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға қатысты өзекті тақырыптар көтерілді.
МТҚ дамыту қарулы күштердің әскерлерін қамтамасыз етудің негізгі түрлерінің бірі – материалдық техникалық қамтамасыз етуге ие айрықша мәнін ескере отырып, маңызды рөлге ие екенін атап өткен жөн.
АҚШ орталық қолбасшылығы тиісті әскери іс-қимыл "театрында" НАТО-ның біріккен материалдық техникалық қамтамасыз етілуінің презентациясын көрсетті. Оның ішінде, америкалық мамандар Қазақстандағы әріптестеріне әскерді материалдық құралдың барлық түрімен қамтамасыз етудің қолданылып жүрген жүйесін, қаржылық-есепке алу қызметінің жұмысын, келісімшарттық қамтамасыз ету және медициналық жабдықтау ережелерін паш етті.