Қазақстан мен АҚШ санкциялық саясаттың жанама әсерлерін азайту жолдарын талқылады

123

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен АҚШ санкциялық саясаттың жанама әсерлерін азайту жолдарын талқылады Фото: Энергетика министрлігі

5 қарашада Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (Office of Foreign Assets Control — OFAC) директоры Брэдли Смитпен кездесті.

Кездесуде тараптар АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына ықпал ететін жанама әсерлерін азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Әңгіме барысында тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген ашық және прагматикалық диалогты жалғастыруға ниетті екендерін атап өтті. Сондай-ақ кеңестерді тұрақты түрде өткізуге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу